• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2013

Ирак дәмханасында екі бірдей жарылыс болды

285 рет
көрсетілді

Ирак мемлекетінің астанасы Бағдат қаласында орын алған екі бірдей терактіден 55 адам қаза тауып, тағы 45-ке жуығы жарақат алған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Ас-Сумария» телеарнасының берген мәліметіне қарағанда, үстінде жарылғыш заты бар жанкешті Эль-Амель ауданындағы дәмханаға кіріп, өз өзін жарып жіберген. Дәл осы сәтте ғимарат ішінде алдын ала жасырылған мина да іске қосылған көрінеді. Оқиға орнында құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта Ирак ауыр кризисті бастан өткеруде. Мұнда күнделікті жарылыстар мен содырлардың шабуылдары орын алып жатады. Жыл басынан бері Ирактағы лаңкестік әрекеттерден 6 мың адам қаза болған. Өткен айда орын алған терактілер мұнда мыңнан аса адамның өмірін қиса, осы айда оның саны 500-ге жетіп отыр.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар