Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы шабындық шөп пен орман алқабы өртенді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік ұлттық саябақтың 41 жастағы инспекторының басына тас құлап, ауруханада көз жұмды. Жалын 1 гектар орман алқабын шарпып өтті.
Тілсіз жауды сөндіруге Алматы облысы және Алматы қалалық төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 25 адамы, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 65 адамы, «Авиаорманқорғау» РМК 1 тікұшағы мен 15 адамы, Алматы қаласы құтқару қызметінің 1 тікұшағы жұмылдырылды.
Бақытбек Кенешұлы.