31 шілде күні еліміздің бірқатар қаласында метеожағдай қалыпты болады. Тек Ақтөбеде ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.