• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2020

Экология министрі: Атыраудағы экологиялық проблемаларды шешу күн тәртібінде тұр

821 рет
көрсетілді

Атырау қаласының тұрғындары қаланың экологиялық проблемаларын шешу жоспарын жасауға қатысады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Соңғы бірнеше жылда Атырау ауаның ластануы бойынша "көшбасшылардың" қатарында. 2020 жылы 100-ге жуық зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясынан асып кету жағдайы тіркелді. Тұрғындардың әлеуметтік желіде өңірдің қынжынарлық экологиялық жағдайына шағымдануы түсінікті", деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде.

Өткен кеште өңірдегі эко-белсенділермен, әкімдіктермен және қала кәсіпорындарымен онлайн-кездесу өткізіліп, оның барысында негізгі проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары анықталды.

"Атырау МӨЗ басшылығынан зауыттың шығарындылары туралы мәліметтерді жариялау жұмысын тездетуді сұрадым. Бұл ақпарат халыққа ашық болуы керек. Сондай-ақ, қала басшылығының назарын ауаның жай-күйін LED-экрандарға шығару қажеттігіне аудардым", деп атап өтті министр.

Сөз соңында Экология министрлігінің басшысы кездесуден кейін қоғам белсенділерімен Атыраудағы экологиялық проблемаларды шешудің жоспарын және жол картасын жасауға келіскенін тілге тиек етті. Таяу уақытта карта қабылданып, әкімдік оны жүзеге асыруды бастайды. Қоғаммен бірге өңірдегі барлық экологиялық проблемаларды біртіндеп шешетініне сендірді.

"Барлығыңызға қатысқандарыңыз және белсенді көзқарастарыңыз үшін рахмет", деп жазды М.Мырзағалиев.