Британдық Кеңес пен "Шеврон" корпорациясынан 3 әлеуметтік жобаға грант табысталады. Онлайн форматта Британдық Кеңес, "Шеврон" корпорациясы мен Атырау облысы әкімдігінің бірлескен StartUP Battle әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобасының жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар бұл күні әділ қазылар алқасы алдында Атырау қаласы үшін әлеуметтік маңызы бар идеяларымен бөлісіп, өз жобаларын қорғады.
Жобаға қатысуға жалпы саны 109 өтінім түсті, оның ішінде бірінші жартылай финалға 25 жоба өтсе, ақтық финалға 10 қатысушы жолдама алды.
Үш апта бойы тәжірибелі бизнес-тәлімгерлер өздерінің білімдерімен бөлісіп, StartUP Battle қатысушыларына әлеуметтік маңызды идеялар мен тәжірібиелерін сәтті ұсынуға көмектесті. Жартылай финалистер сонымен қатар ұсыну, IT және питчинг бойынша тренингтерден өтті. Жеңіске жеткен жастарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 30 шілде күні тікелей эфир арқылы YouTube және Facebook платформаларында ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша келесі жобаларға грант табысталды.1. Айзада Жайықова, “Molekula” арт-терапия орталығы (Атырау қаласында 13-18 жас аралығындағы ерекше жасөспірімдерді дамыту және қолдау көрсету)2. Утебалиева Гульден, Батыр (ерекше жандарға арналған спорт клубы)3. Исмакова Айгерим, Толешова Айгуль, Ыбырайханқызы Әсел, NIET (Атырау қаласында қайта пайдаланылатын өнім үлесін арттыруға бағытталған)Сонымен қатар, байқау ережесіне сәйкес төртінші жеңімпазды көрермендер онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Британдық Кеңестің ресми сайтына өтіп, дауыс беруіңізге болады. Дауыс беру 3 қыркүйекке дейін жалғасады.
"Мен I-SEED жобасына біздің жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз алаңдағанымыз соншалық, жобаға қатысты барлық мәселелерді ұсақ-түйегіне дейін: қалай дұрыс сөйлеу керек, ым-ишараны орынды қолдану, тәлімгердің баға жетпес нұсқауларын қолдануға тырыстық. 3,5 апта ішінде алған тәжірибеміз он жылға жетеді, ал игерген сабағымыз – кем дегенде бес жылға жетеді" деп, I-SEED StartUP Battle жеңімпазы, NIET жобасының мүшесі – Исмакова Айгерим іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.
Байқау "I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру" жобасының аясында жыл сайын ұйымдастырылады.