Париждегі "Диор" сән үйінде атақты дизайнер Кристиан Диораның мұражайы туралы, қазақ тамырлары бар модель Алла Қуантқанқызы Елшін "Алла - Диордың шығыс маржаны" деректі фильмі көрсетілді. Бұл туралы бізге Францияда тұратын қазақ азаматы, Алла Елшін туралы деректің авторы Берлин Иришев айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Фильмге француздың Диор үйінің сарапшылары қатысып, пікір айтып, көзқарасын білдірді. "Біраз уақытқа дейін батыс баспасөзінің біздің Аллаға қатысты көзқарасы біржақты болмады. Әртүрлі әңгімелер айтылды. Алланың шын болмысын ашуға жетпіс жыл кетті. Бірақ уақыт өткен сайын, ұрпақ ауысқан сайын тарих та көмескіленіп, ұмытыла бастайды екен. Біздің Алланың да тарих қалтарысына еніп, ұмытылуы әбден мүмкін еді" дейді Берлин Иришев.
Өмірде кездейсоқтық деген болмайды. Алланың екінші өміріндегі шындық Францияда тұратын қазақ азаматы Берлин Иришевтің Алланың суретімен кездескен сәтінде ашылуын күтіп тұрған шығар. Біздің Берлиннің Алланың суретін Париждің бір бұрышында кездестіруі де мистикалық құбылысқа көбірек ұқсайды. "Бірақ біздің жобамыз Алланың көзін көрген адамдарды іздестіріп, тапты. Олардың естелігімен Алла жайлы естеліктер қайта жаңғырды. Біз Алла жайлы жобаны пандемияға дейін қолға алып, аяқтап үлгіргенімізге қуаныштымыз. Алланы осыған дейін тарихи мекені Қазақстанға апарып, ата-бабасының мекенімен таныстырдық" дейді Алла Елшін жайлы жобаның жетекшісі, Францияда тұратын қазақ азаматы Берлин Иришев.
"Алла - Диордың шығыстық маржаны» фильмі соғыстан кейінгі жылдары жоғары сән әлемін бағындырған Алла Елшіннің тағдыры туралы баяндайды. Алла "Азия маржаны" деп аталды, оның киімдер трамплинде көрсетті, шоудан кейінгі келесі күні жоғары ол киімдер қоғамдағы, актрисалар мен ХХ ғасырдың әлеуметтанушыларының гардеробын толықтырды. Ол ол сән әлемінде "сілеусіннің жанары" бейнесін асқақтатып, оны трендке айналдырды. "Алла Диор үйінде алғашқы құрылған жылы пайда болды және көпшілік мойындаған үлгі ретінде бірден подиумға көтеріле алды. Ол Кристиан Диордың маркетингтік стратегиясында басты рөл атқарды. Ол оған сәттілік әкелетін Алла екенін айтты. "Алла жайлы шынайы пікірді франциялық Джером Готье айтты. Бұл пікірді басқалар да қолдады. Жаңадан табылған деректер мен құжаттар бойынша көптеген сұрақтарға жауап берілді". – деді Берлин Иришев.
Алла өзінің шығыс тамырларымен астасып жатқан текті сұлулығы емес, сонымен қатар жан-жағына үзіліп кетердей әсер қалдыратын қыпша белімен де танымал болды. Шығаршылық мансабының бүкіл кезеңінде Алланың белі 47- 49 сантиметр аралығынан айнымай, сұлу тұлғасына сән беріп, өзгелерден ерекшелендіріп тұрды. Сілеусін көз, қиғаш қасты қолдан жасаса да, қыпша бел талай Аллаға еліктеген талай аруға тек арман күйінде қалды.
Алла Елшін Диорда 20 жыл жұмыс жасады, ал дизайнер қайтыс болғаннан кейін Сен-Лоранда жұмыс істеді. 1950-ші жылдары кино жұлдыздары бойында қазақтың қаны бар шығыстың хас сұлуына қарап бой түзеді, сұлулықтың эталонындай қабылданды.
Алла жайлы деректі фильмнің авторы, Берлиндегі Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті Берлин Иришев өз тобымен бірге фотосуреттер, бейнелер, сондай-ақ Алла Елшіннің естеліктері мен кез-келген естелікті іздеп табуда қыруар жұмыстар атқарды. Алланың өмірі туралы фактілерді жинау оңай болған жоқ. Алланың жүзін бейнелеген картиналар ғана емес, Алла туралы деректер қымбатқа сатылды. Соған қарамастан, зерттеуді тоқтатпаған шығармашылық топтың әрекетін өнерге деген адалдық деп бағалауға болады.
Иришев осыған дейінгі кездесулерде Алланың жалғыз ұлы Марк де Дуль алғашқыда байланысқа шыққысы келмегенін, бұл жағдай Алла жайлы шындықты одан сайын қоюландырып жібергенін, кейін байланысқа шығып, нағашы атасының қазақ ұлтынан шыққанын растағанын айтып берген еді.
Алланың әкесінің тарихы жұмбақ болып келген. Осы жылдың наурыз айында Берлин ИришевАлланың әкесі Қуантхан 1897 жылы Верный қаласында (Алматы) ауқатты отбасында дүниеге келгенін, өткен ғасырдың 20 жылдары инженер мамандығын алған Қуантхан солтүстік-шығыс Қытайға, Харбинде 1891 жылы басталған әлемдегі ең ұзын темір жолдың құрылысына аттанғаны, Алланың шешесі Тамараға үйленіп, Алланың дүниеге келгенін айтқан.
Осыған дейін Берлин Иришевпен Алла Елшінің әкесі Қуантқан жайлы дерек табылған әңгімелесудің сәті түскен болатын. Берлин аға әлеуметтік желідегі парақшасында Қуантқан Елшіннің Харбинде болған кезі өзіміздің Қасымхан Шадияровтың да сол өңірде болған кезіне сәйкес келгенін жазған болатын. Демек, Қуантқан Елшін Мұхамеджан Тынышбаев тәрізді инженерия тәрізді мамандықты игерген санаулы қазақтың бірі. Архивті індете қазсақ, Ресей немесе Қытай архивтерінен ол жайлы деректердің шығуы әбден мүмкін. Сол сәтте журналистерге тән қызығушылықпен "Қуантқан Елшін мен Қасымхан Шадияровтың арасында бір байланыс болуы әбден мүмкін ғой" деп сұраған кезде "Әбден мүмкін. Бұл тарих. Алла Елшіннің тарихы қуғын-сүргінде шетел асып кеткен қазақ азаматтарының ұрпақтарының тағдыры. Олар жайлы әлі талай дүние жазылады. Кино таспаланады. Алла Елшін туралы деректі фильм солардың алғашқысы" деп жауап берген.
Харбин Қытай мен КСРО буфер аймақ міндетін атқарып тұр. 1930 жылдары Қазақстанда Түрксіб темір жолы басталған кезде оның әсері Харбинде де болған. Демек, демек дәл сол кезеңде Харбинге КСРО атынан инженер ретінде аттандырылған Қуантқан Елшін де қазақ тарихында іздеушісі болмаған айтулы тұлға. Демек, сәтін салса алдағы уақытта Қуантқан Елшін Алла Елшін бейнелері "Атаманның ақыры", "Трансібір экспресі" тәрізді кино-жобаға сұранып тұрған тақырып.
"Біз өз тарапымыздан біз ДИОР үйінің тамаша ұжымына фильм мен жобаны жүзеге асыру барысында тығыз ынтымақтастық пен кеңес бергені үшін алғыс білдірдік. Қыркүйек айында холдингтің басқармасында кеңейтілген скрининг өтеді.Алда жаңа толқулар болады. Бірақ бұл енді алаңдаушылық емес, осыған дейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесінен ләззат алудың жағымды сезімдері. Жалпы әлемде Сән падишалары туралы аңыз көп. Бірақ халық тек деректі құжаттарға ғана басымдық береді. Біз тарихи деректерге басымдық бердік. Сол себепті бізді Алланың өмір тарихын зерттеген Тұңғыш топ ретінде таниды. Қуантқан мен Алла Елшін жайлы тың деректерді іздеу алдағы уақытта да жалғаса береді.
Біз тек жарқын сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар парасаттылығымен және тапқырлығымен ерекшеленетін дарынды жастарымыз үшін перде көтердік. Өздеріңізді сақтаңыздар. Біз бен сіздерді күтіп тұрған әсерлі жаңалықтар өте көп" дейді Берлин Иришев.