• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2020

Алтын артқан автокөлік шекарада ұсталды

1198 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы «Қайрақ» бақылау бекеті арқылы Ресей асып бара жатқан жүк көлігінен 10 тонна алтын кені табылды. Көліктегі жүк құжат бойынша кварцит минералы деп ресімделген. Үйдей-үйдей 12 үлкен қапқа салынған алтын кенінің әр тоннасынан кем дегенде 1 келі таза алтын алуға болады екен.  Заңсыз жүкті шекарашылар тәркілеп алды. 

«Қазақстан Республикасы азаматы мінген «Вольво» маркалы жүк көлігі 2020 жылғы 27 шілде сағат 18:45-те шекаралық бақылау бекетінде тексерістен өту барысында ұсталды. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, 1 грамм алтынның нарықтағы құны – 25 213 теңге. Сонда мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 250 млн теңге болады», деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы департаментінің баспасөз хатшысы Манарбек Карекенов.

 

Қостанай облысы