Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің қаулысында бірнеше шектеу шарасы нақтыланды.
Жаңа қаулыға сәйкес, көшеде үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылып отыр.
"Саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға,тұрғындардың басқа да демалыс орындарына баруына тыйым салынсын" -делінген қаулыда.