• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2020

Рудный тұрғыны есірткімен ұсталды

175 рет
көрсетілді

Полиция Рудный қаласында тұратын 50 жастағы ер адамнан аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркілеп алды. Оның гаражынан 418 келіден астам көкнәр, 14 келінің үстінде "гашиш", сондай-ақ, электронды таразы мен 750 мың теңге  табылған.

"​Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабы бойынша сату мақсатында заңсыз есірткі сақтаған деген айып тағылды. Күдікті уақытша тергеу орнында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнай сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тәркіленген есірткі заттарын ақшаға шақсақ, 30 млн теңге шамасында болады," - дейді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков.