• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Тамыз, 2020

COVID-19 адамнан итке жұққан

2752 рет
көрсетілді

Италия ғалымдары адамдар үй хайуанаттарына вирус жұқтырады деген болжамды растапты.

Италияның солтүстігіндегі Ломбардияда 540 ит пен 277 мысықты тексеріп, қожайындары ауырған кезде  немесе олар індет зілі басымырақ жерлерде жүрсе SARS-CoV-2 жұқтыратынын анықтаған. Зерттелген иттердің 3,4, ал мысықтардың 3,9 пайызында антиденелер пайда болған.

Германиядағы Фридрих Леффлер атындағы институттың басшысы Томас Меттенляйтер ит пен мысық  адамдар арасында вирус таратады деген қауіп негізсіз, COVID-19 тек адамнан адамға жұғады деп тұжырымдаған.