• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 03 Тамыз, 2020

COVID-19: Туристерге тұсау салған тажал

160 рет
көрсетілді

COVID-19 тарамауына қатысты жасалған шектеулер Испания туризмінің тынысын тарылтып, тұсаулап тастады.

Пандемия кесірінен елде 750 000  адам жұмыссыз қалып, жылдық табыс 83 млрд еуроға дейін азаяды деген қауіпті "Еl País" айтады.

Өткен айдың соңғы күндерінде Германия үкіметі азаматтарына Испанияның бірқатар аймақтарына әзірге бармаңыздар деген кеңес берген-ді. Енді Бельгия корольдігі де аса бір қажеттілік тумаса Арагон мен Наварра, Каталонияға сапарға шықпай, туристік қыдырысты қоя тұрыңыздар, деді.

Бельгиялықтарға бой тарта тұрыңыздар деген жерлердің қатарына британдық Лестер қаласы, Щвейцарияның Вале, Во және Женева кантондары да кірген екен.