Иранда соңғы үш апта ішінде ауру өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің хабалауынша бір тәулікте 2685 адамның вирус жұқтырғаны анықталған.
Елдегі 31 аймақтың 25-і бойынша "жағдай алаңдатарлық" деп бағалаған министрлік бір күнде 208 адамның тірішілік тынысының тоқтағанын, осылайша падемия құрбандарының саны 17 190 болғанын айтты.
Иранда барлығы 310 000 пациент індет ілмегіне ілінген.