• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2020

Атырауда бетперде тақпағандар жауапқа тартылады

409 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің қаулысында айтылған.

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаеваның айтуына қарағанда, қаулының бұл талабын орындамаған тұрғындар жауапсыз қалмайды.

"Тұрғындарға қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті болып табылады. Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер аталған талап сақталмаған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Жанар Досымбаева.