• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2020

Атырау облысына 110 жас мұғалім келеді

448 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне сүйенсек, білім беру саласында да кадр жетіспеушілігі байқалады.  

«Қазіргі уақытта облыста 470 мұғалім жетіспейді. Биыл педагогтар қатары 110 жас маманмен толығады. Оның 20-сы – бастауыш сыныптың мұғалімі. Ал, 8 мұғалім орыс сыныптарына сабақ беретін болады. Жаңа оқу жылында 582 бастауыш сынып ашылады. Оның ішінде 128 орыс сыныбы бар» -деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің пікірінше, білім беру саласын кадрмен қамту үшін педагог мамандығына оқитын студенттерге гранттар бөлу көзделіпті.  

«Көктемде мектептерге қашықтан оқыту үшін 1400 компьютер сатып алынған еді. Енді тамыз айында жергілікті бюджет есебінен тағы да 3000 компьютер сатып алынады. Жыл аяғына дейін республикалық бюджет қаржысына 18 мың компьютер сатып алу жоспарланып отыр» -деді Махамбет Досмұхамбетов.