Үстіміздегі жылы Қазақстанда 20 млн. тонна астық жиналды. Азық-түлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Оспановтың айтуынша, оның 76,5 пайызы бидай, ал қалғаны арпа және басқа дәнді дақылдар болып табылады.
Үстіміздегі жылы Қазақстанда 20 млн. тонна астық жиналды. Азық-түлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Оспановтың айтуынша, оның 76,5 пайызы бидай, ал қалғаны арпа және басқа дәнді дақылдар болып табылады.
2014 жылы «Астана-Щучье» автобанынан 1 млрд. теңгенің кірісі түседі. Кеше мұны Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. «Біз қазірге дейін бұл трассадан 350 млн. теңгеге жуық ақша алдық. Келесі жылы бұл бірнеше еселеп артады», – деді ол.
Елімізде спорт секцияларына тартылған оқушылар саны 27 пайыздан аспайды. Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мектепте денешынықтыру пәні сабағы сағатының қысқаруы да балалар денсаулығына әсер ететінін атап өтті.
«Астана-Атырау» жүрдек пойызы 24 қазаннан бастап күнара жүретін болады. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар тасымалдауға бейімделген. Атап өтерлігі, бұл жүрдек пойыз жолдағы уақытты 1,5 есеге қысқартады. Атап айтқанда, соңғы нүктеге 33 сағат орнына 22 сағатта жетеді.
Оңтүстік Қазақстанда мақта өңдейтін зауыт іске қосылды. Ол Шардара ауданының Ұзыната елді мекенінде 2012 жылы басталған.
Қызылорда облыстық прокуратурасы жемқорлыққа қатысты 13 млн. теңгені мемлекетке қайтарды. Бұл туралы хабарлаған облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев осыған орай мемлекеттік қызметкерлер үстінен5 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Павлодар жастары шабақтарды құтқару ісіне ұйытқы болды. Олар бір күннің ішінде көлшіктерден 100 мыңдай ұсақ балықты аулап, ірі су қоймаларына жіберді.
Тула дәрігерлері Атырауда балаларға ота жасауда. Кеше басталған бұл қайырымдылық шарасы бес күнге созылады. Осымен Ресей мамандары Жайық жағалауындағы қалаға қатарынан жетінші жыл келіп отыр.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews,
EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.