Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Ливан астанасы Бейруттағы жойқын жарылыс салдарынан 27 адам қаза тауып, 2000-нан астам адам жарақат алған. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Порт аймағында жарылыстың не себептен болғандығы әлі белгісіз. Интернетте жарияланған фото және видеолардан жарылыстан соң үлкен саңырауқұлақ бұлты пайда болғанын көрсетеді.
Ауруханалардың көбі жаралы адамдарға толы. Көптеген ғимарат қирап, үгіндінің астында жатыр.
Оқиға орнында болған BBC агенттігінің тілшісі қирандылардың арасында мәйіттер мен ауыр жарақат алған адамдардың көп екені туралы хабарлайды.
Бұл жарылыс Ливандағы экономикалық дағдарыстың одан әрі өрши түсуіне алып келді дейді жергілікті сарапшылар.