Карантин кезінде Атырау-Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды. Бұлтуралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
4 тамыз 19.30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 9 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Тексеру барысында, Түркістан облысының тұрғыны 35 жастағы жүргізуші Атырау-Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды.
Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалааралық жолаушылар тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, карантин режімін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.