• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2020

Ұры алысқа ұзамады

286 рет
көрсетілді

Мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде шілде айының 30 мен тамыз айының 5 күндері аралығында  "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел шара барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығында мал ұрлығына күдікті 50 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті азамат жайылымнан сиыр ұрлап, мал иесіне  200 000  теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Мал иесіне келтірілген шығын толық қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.