• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2020

Алматыда жыл басынан бері 3,5 мыңдай адам зейнетке шықты

324 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 7 айында 3554 алматылық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 3303 алматылық зейнетке шыққан.

Жыл басынан бері республика бойынша 43 453 мыңнан астам қазақстандық зейнетке шыққан. Өткен жылы осы кезеңде 41 мыңнан астам адам зейнеткерлікті рәсімдеген.

Зейнеткерлікке шыққандардың арасында Алматы (5 мыңнан астам), Түркістан (4,5 мыңнан астам) және Шығыс Қазақстан (3,8 мыңнан астам) облыстарының тұрғындары көп. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі, онда 7 ай ішінде 1295 тұрғын зейнеткерлікті рәсімдеген.

Естеріңізге салсақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігін қарастырды.

Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. Содан кейін "Электрондық өтініштер" сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы сынды басқа да мәліметтер толтырылуы тиіс.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы "Мемлекеттік қызметтер стандарттары" бөлімінен білуге болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарап бағанында – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек.Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс.Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады.Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.