• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Шымкентте күдікті қызды тірілей өртеп жіберді

326 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының тұрғыны жас қызды тірілей өртеді. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Жергілікті жердегі құқық қорғау қызметкерлері осы оқиғадан хабардар болған бойда, дереу күдіктіні іздестіреді. Тексеру барысында түнгі клубтан шыққан жігіттің қызбен танысқаны мәлім болды. Алайда, арақ ішкен бұл жігіт қызбен тіл табыса алмаған екен. Сосын нәзік жанды тасалау жерге сүйрелеп, кірпішпен басына бірнеше рет ұрған. Қылмысын жасырмақшы болып, ес-түссіз жатқан қыздың үстіне үйінен әкелген жанғыш сұйықтықты құйып, от тигізеді. Қазір қызды тірілей өртеген күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар