Кеше АҚШ-тың Спаркс қаласында мектеп оқушысы өзінің математика пәнінен беретін мұғалімін атып өлтірді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Оқушы мұғалімге оқ атқаннан кейін, өзін де атып өлтірді. Оқиға салдарынан мектептің екі оқушысы жарақат алды», – деп мәлімдеді Спаркс мэриясының өкілі Шон Кэри.
Оқиғаның не себептен болғаны әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция мұғалімге оқ атқан оқушының туыстары мен достарынан, мектеп оқушылары мен оқытушыларынан жауап алуда.
Белгілі болғандай, оқушы сабаққа қару алып кірген. Оны көрген мұғалім оқушыдан өзіне және айналасындағыларға қауіп төндірмеу үшін қаруды беруін өтінген. Ал оқушы мұғалімнің өтінішін орындаудың орнына, оған бірнеше рет оқ атқан екен.
Айдар Өрісбаев.