• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Тамыз, 2020

«Аудармашы маска» сатылымға шығады

413 рет
көрсетілді

Жапонияның технологиялық компаниялары пандемия бас­тал­­­ға­­лы маскамен байланысты түрлі инновациялық жобаларды ұсы­нып келеді. Осыған дейін жазда «салқындататын» масканы таныстырған өнер­тап­­қыштар жақында «аудармашы мас­ка» ойлап тапты.

Жаңа инновациялық маска айтылған мәтінді сегіз тілге аудара алады. Пластик пен силиконнан жасалған ақылды құрылғы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Бұл тың туынды вирустан жалғыз қорғай алмайды, тек медициналық масканың үстінен тағуға арналған екен. Donut Robotics компаниясы алғашында елдегі әуежайлардың біріне аудармашы роботтарды жасауға тапсырыс алған, алайда пандемия салдарынан жұмыс тоқтап қалған. Осы кезде жоба авторлары бар технологияны қоғам сұранысына сай бейімдеп, жаңа туындыны таныстыруға кірісіп кеткен. Бір айда дайын болған жоба Жапонияда сатылымға қыркүйекте шығады. Кейіннен Еуропа, АҚШ, Қытайда да сатылуы мүмкін.