• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Тамыз, 2020

Елорда мешіттері ауруханаларға медициналық құрылғылар тарту етті

302 рет
көрсетілді

Елорда мешіттері елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап халыққа мейлінше қолұшын беріп келеді. Осы үрдіс бойынша бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Елордамыздағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Атап өтсек, Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Көпсалалы медицина орталығына" жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан көрінеді. Десе де, қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қолұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтып жатты.