Қарағанды облысының Теміртау қаласында бір көзді сәби дүниеге келді. Бұл туралы «31» телеарна хабарлады.
Дәрігерлер мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырғанын айтады. Босанар алдында тексеруден өткен ананың денсаулығы қалыпты болған. Нәрестені үйіне әкелгенде оны тексеруге келген учаскелік педиатр баланың бір көзі жоқ екенін байқаған. Егер, оған бір айға дейін жасанды көз салынбаса, оның бас сүйегі өзгеріске ұшырайды екен. Ал елімізде жасанды көз салу отасы 14 жасқа келгендерге ғана жасалады. Бұл іске тек Мәскеу дәрігерлері келісімін беріпті. Отбасының есебі бойынша осы отаға 1 млн. теңге қажет. Әзірге қолдарында 200 мың теңге бар көрінеді. Сондықтан баланың анасы көпшіліктің көмек қолын созуын өтініп отыр.
Бақытбек Кенешұлы.