• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Тамыз, 2020

Nur Otan тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша "111" байланыс орталығын іске қосты

813 рет
көрсетілді

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап балалар мен ересектер "111 – жедел қызметіне" балалардың құқығы бұзылған кез келген жағдай мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша жүгіне алады. Бұл туралы партияның Facebook-тегі хабарламасына сілтеме жасай отырып, Egemen.kz жазады.

Аталған қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және оған келіп түскен барлық хабарламалар мен өтініштер құпия сақталады. Call-орталық Nur Otan партиясының жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылды. Кеңес төрағасы Динара Закиеваның айтуынша, балаларға қатысты жылына 2000-нан астам қылмыс тіркеледі, оның 700-ге жуығы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалады. Ең өкініштісі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 60%-ы отбасында орын алады.   "Балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет болған немесе отбасындағы зорлық-зомбылық, балалардың құқығы бұзылған жағдайлар туралы білген кезде қайда баруға болатынын білуі үшін, сонымен бірге, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны, оның өміріне және денсаулығына қауіп төнгені, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалғаны туралы немесе егер олар балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, жоғары вольтты электр желісін, су көзін көрсе, осындай жағдайлар жөнінде көмек көрсету үшін Nur Otan партиясы жанынан қыркүйек айының басында өз жұмысын бастайтын "111 – жедел қызмет" байланыс орталығы ашылады", деді Динара Закиева.   Кеңес төрағасы зорлық-зомбылықтың алдын алудың жүйелік шешімдерін енгізу бойынша жұмыстар бірнеше айдан бері жүргізілгенін айтты. Атап айтқанда, барлық өңірлерде өмірлік қиын жағдайдағы және зорлық-зомбылыққа тап болған отбасыларды анықтау жөніндегі жедел әрекет ету топтарының жұмысы ұйымдастырылған. Қазіргі таңда 2 182 жедел топ (жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы функционалдық міндеттері аясында) ашылды. Сонымен қатар, Кеңес балаларды қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша Мәжіліс тобында бірлесіп жұмыс істейді.   "Біз балаларды ұрып-соғу, азаптау, зорлық-зомбылық көрсету әрекеттеріне қатысты жазаны қатаңдатудан бастап жетім балалардың тұрғын үй алу мәселелеріне дейін өз ұсыныстарымызды енгіздік. Енді мемлекеттік органдардың ұсыныстарымызды қолдап, келісуі маңызды. Сондай-ақ партияның хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Білім министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылықты анықтау және оның алдын алу үшін мектептерде бірыңғай тәсілді әзірлеуі тиіс", деді Динара Закиева.