• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Тамыз, 2020

COVID-19: Латын Америкасы лапылдап жатыр

412 рет
көрсетілді

Мұхиттың арғы бетіндегі қос құрлықтан COVID-19 жайлы мекен тапқандай. REGNUM хабарларына қарағанда оңтүстік Америкадағы елдердің тұрғындары вирустан қатты зардап шегуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бразилия. Бұл елде бір тәулікте 57 мың адамның ауру жұқтырғаны белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша SARS-CoV-2 ілмегіне 2 589 073 бразилиялық ілініп, 97 256 адам көз жұмыпты. Тек кешегі күні 1437 пациенттің демі таусылған.

Колумбия. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Twitterдегі парақшасындағы 6 тамыз күнгі жазбада өткен тәулікте 10 мыңнан астам адамның жаңадан вирус жұқтырғаны мәлім етілген. Егер дәлірек сан қажет болса, ол 10 735, тіпті 11 мыңның айналасы екен.

Сонымен 345 714 колумбиялық COVID-19 бен ауырып,  жалпы саны 11 624 адам өмірмен қоштасқан.

Боливия. Пандемия басталғаннан бері 85 141 адам КВИ-дің шарпуына ілінген. Ал кеше жаңадан 1780 ауру фактісі тіркеліпті. 26 437 пациент жазылып шықса, 3385 боливиялықтың тіршіліктегі татар дәмі таусылған.

Ел билігі аурудың тынысын тарылту мақсатында тамыздың аяғына дейін карантинді ұзартқан.