• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2020

"Nur Otan" партиясы жергілікті филиалдарының ғимараттары жөндеуден өтеді

150 рет
көрсетілді

Қостанайда "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы мен қалалық, аудандық филиалдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнінде кеңес өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, биыл партияның Жангелді, Меңдіқара аудандары мен Рудный қаласындағы филиалдарының ғимараттары жөнделеді. Аудандық филиалдар үшін демеушілер жалпы сомасы 22 млн 140 мың теңгеге автокөлік сатып алған.

Аудан орталықтарындағы филиал ғимараттарын жөөндеу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіріп-шығуына оңтайлы жағдай жасау ескеріледі. Қазір 6 филиалдың кіреберісіне жалпы сомасы 5 млн 144 мың теңгеге пандустар орнатылған. Ал  Әулиекөл, Жітіқара, Қарасу мен Меңдіқара аудандарындағы филиал ғимараттарының пандустары талапқа сай қайта жөндеуден өткізілді.

Жиын соңында облыс әкімі ғимараттарды жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ партия филиалдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 Қостанай облысы