"Келеңсіз оқиға 6 тамызда кешкі сағат 19:45-те Көктем ықшамауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында болған. Алкогольдік ішімдікке мас болған ер адам кішкентай қызға сексуальдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Осы оқиға туралы хабар алған полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір күдікті тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 121-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.