• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Тамыз, 2020

Қорғаннан табылған қола қазан

1683 рет
көрсетілді

Жыл сайын облыстық тарихи-өлкетану музейінің қыз­мет­керлері археологиялық қазба жұмыстарын жүр­гізе­ді. Археологиялық топ әр сапардан олжалы оралады. Мә­се­лен, 2017 жылы Қызылқоға ауданындағы Миялы қорған­дарының бірінен қоладан құйылған қазан табылды.

Қола қазанның пішіні күнделікті тұтынып жүрген бұ­йымнан өзгешелеу. Бір қа­ра­ғанда шар тәріздес бол­ған­­мен, ернеуі кең қайы­ры­лыпты. Сыртынан тегістел­генге ұқсайды. Шеті майысып қалыпты. Төрт құлағы бар. Оның екеуі қазан ішіне үңіліп тұр­ған жылқы бейнесінде жасалыпты. Ал екеуінде киікке ұқсас жануар бейнеленіпті. Алайда оның бірі сынған.

Қалай дегенде, қорғаннан табылған қола қазан құн­ды жәдігерге айналды. Есте жоқ ескі заманның мәде­ние­тінен сыр шертер экспонат тарихы әлі де зертте­летін болар.

 

Атырау облысы