• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2013

Бірлескен қимылдың нәтижесі

303 рет
көрсетілді

«Шығыс-2013» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аяқталды. Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басқару органдары Ресей Қарулы Күштері өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, қорғаныс операциясын және шартты қарсыласты жоюды жоспарлау жөніндегі міндеттерді сәтті орындап шықты.

«Шығыс-2013» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аяқталды. Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басқару органдары Ресей Қарулы Күштері өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, қорғаныс операциясын және шартты қарсыласты жоюды жоспарлау жөніндегі міндеттерді сәтті орындап шықты.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша шартты қарсылас біздің әскерлерге зымыран-бомбалық және авиациялық соққы жасай отырып, іргелес мемлекеттің аумағын басып алуға барын салды. Алайда, біздің әскерлердің жақсы ойластырылған және ұйымдастырылған қорғанысы, сондай-ақ, Құрлық әскерлерінің күйрете соққан қарсы шабуылдары қарсыласты жеткен шебінде тоқтатып, әуеден көрсетілген қолдау арқылы оған барынша көп шығын келтірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Шы­ғыс-2013» жедел-страте­гия­­лық оқу-жаттығуы 2013 жыл­ғы 8-12 қазан аралығында Шы­ғыс Қазақстан және Алматы об­лыстарының аумағында Құрлық әскерлерінің («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері, мото­атқыштар, артиллерия бөлім­шелері, Аэроұтқыр әскер­лері­нің бөлімдері) және Әуе қор­ға­ны­сы күштері Әскери-әуе күштері авиациясының қатысуымен өтті.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер жауынгерлік басқару органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында оқу-жаттығуға Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жедел тобы тартылған болатын.

Командалық-штабтық үлгіде өткен «Шығыс-2013» жедел-стра­тегиялық оқу-жаттығуына Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күш­тері Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жас­ұзақов басшылық жасады.

«Егемен ақпарат».

Соңғы жаңалықтар