• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2020

Атырауда балаларға жоспарлы екпе салып жатыр

378 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті. Сондай-ақ, 17 тамыздан кейін жоспарлы медициналық тексерістен өткізу де жалғасады.

«Жасы алтыға толған балалардың денсаулығын тексеру карантин кезінде тоқтатылған еді. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы вакциналары қайтадан салына бастады. Карантин режимі аяқталғаннан кейін алты жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып,  жаңа оқу жылына дайын  болуы керек» - дейді №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.