«Теңізшевройл» компаниясының ақпаратына қарағанда, кенорнындағы қызметкерлердің 3895-і қауіпті індетті жұқтырыпты. Қазір олардың 2863-і жазылып шықты.
«Тест қорытындысымен оң нәтиже бергендердің негізгі бөлігі вахтаға бара жатқан қызметкерлерде болған. Ал, ТШО қызметкерлері арасында 370 жағдай анықталған. Күн сайын расталатын жағдайлардың саны 90%-ға төмендеді.
Бүгінгі таңда Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында (облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы) 194 қызметкер ем алуда. Бұл жалпы төсек-орын санының 27%-ын құрайды» - делінген компанияның ақпаратында.
Қазір Теңіз кен орнында эпидемиологиялық ахуал жақсара бастады. Соған қарамастан, карантиндік шектеулер сақталып отыр. Бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, өзін-өзі оқшаулау ТШО-ның, сондай-ақ, мердігер мекемелердің барлық қызметкері үшін міндетті талап болып отыр.