• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Тамыз, 2020

Ауруханаларға қажетті препараттар жеткізілді ме?

134 рет
көрсетілді

Ауруханаларды қажетті препараттармен қамтамасыз ету бойынша "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Жұқпалы аурулар ауруханаларына (189 аурухана) және провизорлық орталықтарға (330 орталық) COVID-19 емдеу үшін клиникалық хаттамаға енгізілген препараттардың 91 атауы жөнелтіледі. Коронавирустық инфекция пайда болған сәттен бастап 12,8 млрд теңге сомасына дәрілік препараттар жөнелтілді", деді ол.Шілде айының басынан бастап ауруханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шұғыл шешу үшін жоспардан тыс 2,6 млрд теңге сомаға айлық резерв жөнелтілді. "Өңірлер әкімдіктерімен қалған заттар бойынша тексеру жүргізіліп, "қызыл аймақтарды" жедел қажеттілік препараттары бойынша, сондай-ақ жергілікті жерлердегі дәрі-дәрмектерге болжамды қажеттілік бойынша талдау тұрақты негізде жүргізіледі", деді Е. Есқалиев.