• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2020

Атырау полицейлері жоғалған адамдарды тапты

289 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда кеше,  6 тамызда екі адам жоғалып кеткен. Оның бірі – 40 жастағы әйел, екіншісі – 1,5 жастағы балақай.

Бұл туралы кешкі мезгілде полицияның кезекші бөліміне Атырау қаласының тұрғыны шұғыл хабар беріпті. Оның айтуынша, 1980 жылы туған апасы мен өзінің 1,5 жастағы қызы сағат 17:30 шамасында  үйінен шығып кетіп, қайта  оралмапты.

«Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы   дереу жұмылдырылды. Бүгін, 7 тамызда сағат 10:00 шамасында  полиция полковнигі Сайфулла Қазиханов пен полиция майоры Андрей Чекарев 40 жастағы әйел мен 1,5 жасар баланы  «Дина» базарының маңынан тапты. Қазір олар туыстарымен табысты» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.