• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Тамыз, 2020

Әйгілі Лондон марафоны қазан айында ұйымдастырылады

164 рет
көрсетілді

2020 жылғы Лондон марафонын ұйымдастырушылар қала билігімен ақылдаса келе, Virgin Money марафонын 4 қазанға белгіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыс Сент-Джеймс саябағындағы айналма тас жолда, қауіпсіз ортада ұйымдастырылады.  Марафонды тамашалауға көрермендер жіберілмейді. Бірақ ВВС Sport арнасы сегіз сағаттық доданы тікелей эфирде көрсетеді. 

"Бірнеше ай бойы біз түрлі нұсқаларды қарастырдық. Спортшылардың, демеушілердің, еріктілер мен дәрігерлердің мүддесі де ескерілді", - дейді марафон директоры Хью Брашер. 

Марафон туралы толық ақпарат осы айдың соңында хабарланады.