• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2013

Келіссөздер меморандуммен беки түсті

301 рет
көрсетілді

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған Қазақстанға сапары аясында өзінің сингапурлық әріптесі Грейс Фу ханыммен кездесу өткізді.

 

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған Қазақстанға сапары аясында өзінің сингапурлық әріптесі Грейс Фу ханыммен кездесу өткізді.

Бүгінде Қазақстан мен Син­га­пур іскер әріптестер болып табылады, түрлі салалардағы ын­тымақтастық дамып келеді, өзара ықпалдастықтың айтарлықтай жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Біздің елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді болашаққа арналған жемісті ынтымақтастық негізін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың 1996 және 2003 жылдары Сингапурға сапары, сонымен қатар, Сингапурдың бірінші Премьер-министрі Ли Куан Юдың біздің елімізге 1991 жылы жасаған сапарлары қалады. Бұл қомақты негіз өзара тиімді бағыттардың барлық қырлары бойынша ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік берді.

Е.Ыдырысов пен Г.Фу өзара мүдделі кең ауқымды екіжақты мәселелерді, сонымен қатар, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші сауда-қаржы орталығы ретінде мойындалса, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық екіжақты қарым-қатынастың басым бағыты болып табылады. Екі елдің министрлері жаһандық эко­номикалық құлдырауға қа­рамастан мемлекеттеріміз ара­сындағы тауар айналымы өт­кен жылғы көрсеткішпен салыс­тыр­ғанда 60 пайызға өскенін үлкен қанағат сезімімен атап өтті.

Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – мұнай өңдеу саласындағы бірлескен жұмыс. Осылайша, сингапурлық «Jurong Consultans» компаниясының қатысуымен еліміздің батысында ірі жоба – мұнай-химия паркі жүзеге асырылуда. Бас жоспар бойынша түрлі полимерлер мен полиэтилендер шығаратын төрт зауыт салынып, 2016-2018 жылдары қолданысқа беріледі.

Сонымен қатар, тараптар белгілі сингапурлық «Changi Airport International» компаниясының Алматы қаласы жанында жаңа әуежай құрылысы жобасына қатысуы бойынша мәселелерді талқыға салды. Кәсіптік-техника саласындағы ынтымақтастықтың деңгейі атап өтілді. Осылайша, «Темасек Фаундейшн» сингапурлық қордың қаржылай көмегінің арқасында 2012 жыл бойы техникалық және кәсіптік жүйедегі 100-ден астам қазақстандық жетекші және педагогикалық қызметкерлер Сингапурда білімін көтерді.

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жетекші сингапурлық компаниялардың қатысуы келіссөздердің өз алдына бөлек тақырыбына айналды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша саяси саладағы Қа­зақстан-Сингапур қарым-қаты­насын одан әрі кеңейтуге және көпжақты құрылымдар шең­беріндегі өзара ықпалдастықты ны­ғайтуға арналған Қазақстан мен Сингапур арасындағы Өзара түсіністік пен саяси кеңестер ту­ралы меморандумға қол қойылды.

Келіссөздер соңында өткен­ баспасөз мәслихатында Е.Ыды­ры­сов Қазақстан Сингапурдың табысты әлеуметтік-экономика­лық дамуын өзіне икемдеп алып отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, біздің елімізде үкі­меттік активтерді басқару бойынша мемлекеттік холдинг құру, сонымен қоса, саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді қарастыратын мем­лекеттік қызметтің синга­пур­лық моделінің элементтері қабылданды. Тұтастай алғанда, екі ел арасында өзара әріптестікті тереңдетуге үлкен ұмтылыс бар. Е.Ыдырысов сингапурлық әріптесіне өз елінің Премьер-министрі Ли Сянь Лунға Қазақ­стан­ға өзіне қолайлы уақытта келуге шақыруын табыс етті. Шақыру сингапурлық тараптан ризашылықпен қабылданды.

Сингапурлық министр өз кезегінде біздің мемлекеттеріміз арасында ынтымақтастық бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақталғанын, әріптестікті дамытуға жақсы жағдай бар екенін атап көрсетті.

Сәулебек БІРЖАН.

Соңғы жаңалықтар