• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 07 Тамыз, 2020

Елордада 18 жеке ұйым экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды

204 рет
көрсетілді

Талдау көрсеткендей, негізінен экологиялық заңнаманы бұзуға құрылыс ұйымдары жол береді. Жыл басынан бері 12 нысанда осындай бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Мысалы, құрылыс компаниясына іргелес аумақты уақтылы жинамағаны, жолға балшық шығарғаны, қала аумағында материал жинамағаны және басқалары үшін айыппұл салынды.

Сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 40-тан астам жеке тұлға ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көптеген жауапсыз ауыр жүк көліктері қарды, қоқысты, ағынды суларды, еріген су мен құрылыс қалдықтарын белгісіз жерлерде тастайды.

Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері шағын орта бизнес нысандарына іргелес аумақты ұсақ тұрмыстық қоқыстардан тазарту бойынша 100-ден астам ұйғарым берді.

Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу және экологияны жақсарту бойынша шаралар қабылдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Таза Қазақстан" айлығы өтуде.Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторлары, учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтер ұйымдастырып, табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда.