Жыл басынан мұнайлы өңірде өнеркәсіптік өнімнің көлемі 2 трлн 467 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz⠀
"Соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 2 трлн 200 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің көлемі 267 млрд теңгеге жетті. Аталған көрсеткіштің республика көлеміндегі үлесі 20 пайызды құрайды", деді Махамбет Досмұхамбетов.
Мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар "қара алтын" өндіруді тоқтатқан жоқ. Мұнайшылар 25 млн тонна мұнай мен 13 миллиард текше метрге жуық ілеспе газ өндіруге қол жеткізді.