Бүгін Беларуссияда президент сайлауында негізгі дауыс беру басталды. Бұл туралы БЕЛТА-ға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Беларусь президентіне үміткеркерлер қатарында: Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Александр Лукашенко, Светлана Тихановская және Сергей Черечень.
Сайлау барысында Орталық сайлау комиссиясында 153 аумақтық сайлау және 5723 учаскелік комиссиясын құрады. Дауыс беру үшін 5767 учаске құрылды, соның ішінде 231 - санаторийлерде, профилакторийлерде, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ 13 - әскери бөлімдерде және 44-і Беларуссиядан тыс жерлерде орналастырылған.
Сайлау учаскелері 8:00-де ашылды. Сайлауда 6 836 585 адам дауыс бере алады. Бақылаушылардан 248-і халықаралық және 50 мыңға жуығы ұлттық ұйымдардан болады.
Беларусь президентінің сайлауы тікелей өтеді. Мемлекет басшысын тікелей беларусь халқы сайлайды. Дауыс беру құпия болып табылады. Егер дауыс беруге сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сайлау өтті деп танылады. Егер мемлекет басшысына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан астамы дауысын берсе, сайланды деп есептеледі.