Жер сілкінісі 9 тамызға қараған түні Каспий теңізінің аумағында тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Жер сілкінісі Ақтаудан 200 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша 01:43-те 20 шақырым тереңдікте болды.
Эпицентрдің координаттары 42°36'0" солтүстік ендік, 49°10'12" шығыс бойлығында тіркелді.