• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Тамыз, 2020

Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

175 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау — бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ "жасыл" және "қызыл" аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.