• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2020

Кенесары көшесі 28 тамызға дейін ішінара жабылады

286 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Кенесары көшесінде Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 10-28 тамыз аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.

Соңғы жаңалықтар