• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2020

Қайырымды полицейлер көпбалалы отбасына көмек көрсетті

257 рет
көрсетілді

Көпбалалы Орманбаевтар отбасы Балқаш ауданының орталығы – Бақанас ауылында тұрады. Әулеттегі алты баланың үшеуі мектепте оқиды екен. Ал биылғы оқу жылының басталуына орай оқушыларға қажетті құрал-жабдық, кітап, дәптер алу әлеуметтік жағынан қорғалмаған әулетке салмақ болғалы тұр. Осын ескерген ауданның полицейлері Орманбаевтар отбасына қол ұшын созуды ұйғарды, - деп хабарлайды egemen.kz.

Жалпы, аудандағы көпбалалы отбасыларды барлық жағынан қолдау жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Әсіресе, карантин кезінде көмекке мұқтаж адамдарға азық-түлік себеттері мен медициналық керек-жарақ түрлерін тегін жеткізіп беру жолға қойылған. Осы игі іске ауданның тәртіп сақшылары да үнемі үлес қосып келеді екен.

"Қайырым жасау үшін үлкен жүрек пен жанашыр ниет керек қой. Біз де осы ізгі мақсатқа жұмылып отырмыз. Көпбалалы отбасына көмек көрсету туралы бастаманы полиция басқармасының жеке құрамы бір ауыздан қолдады. Қызметкерлер Орманбаевтардың үйіне барып, отбасына медициналық бетперде мен қолғаптар, азық-түлік, сондай-ақ үйдегі үш оқушыға жаңа оқу жылына арнап барлық кеңсе құралдарын табыстады", - дейді Балқаш аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы, подполковнигі Нұргелді Абиров.

Айтпақшы, балқаштық полицейлер карантин кезіндегі санитарлық ережелердің сақталуын қатаң қадағалап әрі қоғамдық тәртіптің бұзылмауы үшін аянбай еңбек етіп отыр. Мұның сыртында тұрғындарға жұқпалы індеттің қауіп-қатері жайлы түсіндіріп, жолаушыларға тегін бетперде де таратып беруде.

"Жұқпалы індет кезінде әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары болуына бәріміз бір кіәсідей үлес қосуымыз керек. Полицей үшін тәртіптің сақталуы қаншалықты маңызды болса, адамдардың денсаулығына бей-жай қарамауы да соншалық жауапты міндетке айналды. Бұл жерде біз карантин ережесін бұзғандарға шара қолдаудан бөлек, әр тұрғынға індет қауіпі жайында түсіндіріп отырмыз. Елді мекен тұрғындарына тегін бетперде таратамыз. Аудан полицейлерінің күшімен, 1500 дана медициналық маска сатып алып, тұрғындарға табыстадық", - дейді әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, подполковник Балбек Лепесбаев.