Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
II дәрежелі «Достық» орденімен
Америко Эдельсио
–
Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы
Ганем Халед Ас-Саид
–
Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы
Кибар Зафер
–
жазушы, Түркия Республикасы
Кошут Леонард
–
әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы
Манн Джейн
–
Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Мәжит Ақбар
–
жазушы, Қытай Халық Республикасы
Пряхин Георгий
Владимирович
–
Орыс әдебиеті академиясының
вице-президенті, Ресей Федерациясы
Пуиг Мария Санчес
–
Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры,
Испания Корольдігі
Хачатрян Шушан
–
Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы
Хуанчжан Ха
–
аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы
Шатқам Қажымұхамет
–
жазушы, Иран Ислам Республикасы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз
№ 379