Қазақстандық дипломаттар Абайдың 175 жылдығын Ресей астанасында атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дипломатиялық миссияның жетекшісі Ермек Көшербаев бастаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Мәскеудегі қазақ мәдениеті қоғамдарының өкілдері Мәскеудегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, елшілік қызметкерлері Абайдың қара сөздерін оқып, әйгілі "Желсіз тунде жарық ай" әнін шырқады.