Жұбанов көшесінің Кенесары көшесімен қиылысы бөлігінен соңына дейінгі учаскеде 11-28 тамыз аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Осыған байланысты, елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.