Кеше елімізде тұңғыш рет аталып өткен Абай күніне орай Өскеменде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – облыс әкімдігі мен «Қазцинк» ЖШС бірлесе қолға алған естелік браслеттер тарату шарасы. Иә, бұл күні облыс орталығында Абай есімі жазылған браслеттер көптеп таратылды. «Мақсатымыз - ұлы Абай есімін ұлықтау, халық арасында кеңінен насихаттау. Жас ұрпақ ойшылдың есімі мен шығармашылығын білуі тиіс деп ойлаймыз. Естелік браслеттерді қаладағы жасөспірімдермен жұмыс істейтін білім және спорт нысандарына, «Үміт» балалар үйіне тараттық» дейді «Қазцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых.
Естелік браслеттерді алғаш болып өндіріс орнының жастары алыпты. «Біздің жастар өте белсенді. Абай шығармашылығын ерекше құрметтейді. Әндерін айтады, өлеңдерін оқиды. Бұл акцияны біз қуана қабыл алдық» дейді Өскемен металлургия кешені жастар кеңесінің төрайымы Жансая Жанболатова.
ӨСКЕМЕН