• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2020

Таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

159 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитетінің видеоконференциясы өтті. Онда атқарушы комитет мүшелері спортшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Биылғы әлем чемпионат Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де, София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.