Қазгидрометтің мәлімдеуінше, алдағы үш күн ішінде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ауысады және тұрақсыз ауа райын сақтайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.