• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №258

250 рет
көрсетілді

2013 жылғы 26 тамыз                                   Астана қаласы

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңiраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

2013 жылғы 26 тамыз                                   Астана қаласы

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңiраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 21-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңiраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Рес­публикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығына (№ 6800 нормативтік құқықтық акт Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 7 сәуiрде № 134-137 (26539) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Кең таралған пайдалы қазларды барлау мен игеру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. БИӨК құрамын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы бекiтедi. БИӨК құрамына мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi және келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ тау-кен өндіру мен қайта өңдеу салаларының мамандары кіреді.».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

орынбасары – Қазақстан Республикасының

Индустрия және жаңа технологиялар министрі       Ә. ИСЕКЕШЕВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8736 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар